2016 жылы 3 ақпан күні сағат 15.00-де «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Астана медицина университеті» АҚ акт залында 6 курс интерндеріне арналған «Дін және жастар» атты кездесу өткізілді.
Кездесуге Орталықтың өкілі Кушербаева Г.С., Ректордың жалпы сұрақтар бойынша кеңесшісі Басагаринов С.А., «Төлебай» мешітінің наиб имамы Муслимов Д., «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нүрпеисов А.Н. және де Ауғанстан соғысы ардагері, ОО «Қаһарман Ұрпақ» директоры Елубаев К.М. қатысты.
Қазақстан Республикасының демократиялық даму жолында мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін этносаралық және конфессияаралық келісім маңызды болып табылады. Әртүрлі діни топтар мен ұлттық ұйымдардың бейбіт өмір сүруі әр елдің өзіндік мемлекеттік саясатына байланысты. Қазіргі таңда, теріс діни ағымдар қоғамда түрлі көріністерімен, жат пиғылдарымен өз кесірлерін тигізуде, сол себепті еліміз әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде аталмыш мәселемен күресу жолында.
Іс шара барысында деструктивті діни ағымдардың жастарға ықпалы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған сұрақтар көтерілді. Кушербаева Г.С. Орталықтың жұмысы туралы ақпарат беріп, қоғамдағы деструктивті теріс діни ағымдардың алдын алу шаралары туралы бірнеше бейнероликтер көрсетті. Кездесудің мақсаты - экстремизмге қарсы күресу және деструктивті теріс діни ағымдардың алдын алу.