Еліміз тәуелсіздік алғалы дәстүрлі Ислам дәстүріміз бен мәдениетімізді бүгінгі ұрпаққа жеткізуші ретінде орын алып келеді.
Бүгінде дін – рухани-құқықтық идеяларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие. Сондықтан имамдарымыздың біліктілігін арттыру арқылы халықтың діни сауатын арттыру, патриоттық санасын ояту маңызды болмақ.
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы атты астаналық мешіттердегі имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар өткізілді «Зайырлы қоғам: мемлекеттік конфессиялық қатынастар»
Аталған семинар діни экстремизмнен төнетін қауіптің алдын алуға және діни қызмет саласының өкілдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған.
Аталған семинарда Астана қаласының имамдарына ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты – Ерлан Тынымбайұлы Қарин, Теология ғылымдарының докторы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректор кеңесшісі – Мұхитдин Исаұлы, Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Философия кафедрасында аға оқытушы, Дінтану кафедрасында доценті – Кеңшілік Тышхан, сынды белгілі тұлғалар дәріс оқыды.
Сондай-ақ аталған семинар барысында 126 имамдардан құрылған ғұламалар үндеуі негізінде меморандумға қол қойылды.