ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ІШІНДЕ СОТ ШЕШІМІ АРҚЫЛЫ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ШЕТЕЛДІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ТІЗІМІ.
Қазіргі таңда Қазақстан территориясында тыйым салынғандар ішіне мынадай шетелдік ұйымдары кіреді:
I. 2004 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚАЗАН АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ЖОҒАРЫ СОТТЫҢ ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС:
1. "АЛЬ-КАИДА" – әр түрлі мемлекеттердегі жауынгерлерді қаржыландырып, бағыт беріп отыратын, тармақталған халықаралық террористік ұйым. Басқаша атауы: (араб.- "база", "негіз", "платформа"). Пайда болу орны мен мерзімі: 1988 ж. Ауғаныстанда.
2. "ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ПАРТИЯСЫ" – халықаралық террористік ұйым. Басқаша атауы: "Шығыс Түркістандағы ислам қозғалысы", "Аллах партиясы", "Түркістан халықтарының революциялық майданы".
II. 2005 ЖЫЛДЫҢ 15 НАУРЫЗ АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ЖОҒАРЫ СОТТЫҢ ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС:
7. «ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМАЛАР ҚОҒАМЫ» – үкіметке қарсы бағытталған, қайрымдылық қорларын жамылу арқылы жұмыс жасайтын террористік ұйым. Басқаша атауы: «Джамият-аль-Ислях аль-Иджтимаи».
ІІІ. АСТАНА ҚАЛАСЫ СОТЫНЫҢ 2006 ЖЫЛДЫҢ 17 ҚАРАША АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС:
$11.«АУМ СИНРИКЕ» (АЛЕФ) – ерекше айқын әлеуметке қарсы бағыттағы қауіпті тоталитарлық экстремистік ұйым. 1987 жылы негізін жапон Сека Асахаро қалады. 1995 жылы Жапония метросында әлемді шулатқан газды шабуылмен терраристік акт жүзеге асырды.
$12.«ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДЫ АЗАТ ЕТУ ҰЙЫМЫ»- Шығыс Түркістанға үлкен қауіп төндіруші террористік ұйым. Басқаша атауы: «Шығыс Түркістанның халықтық партиясы» ШАТ.
IV. АСТАНА ҚАЛАСЫ СОТЫНЫҢ 2008 ЖЫЛДЫҢ 5 НАУРЫЗ АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС:
«ТҮРКІСТАН ИСЛАМДЫҚ ПАРТИЯСЫ» – сондай-ақ «Түркістан жамағаты» немесе «Жамаат Түркестана» деген атауларымен белгілі. 2004-2005 жылдар аралығында Пәкістанның Вазиристан провинциясында, «Шығыс Түркістан исламдық қозғалысы» халықаралық террористік ұйымының жаңартылуымен құрылды.
V. АСТАНА ҚАЛАСЫ СОТЫНЫҢ 2008 ЖЫЛДЫҢ 28 НАУРЫЗ АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС:
«ХИЗБ-АТ-ТАХРИР-АЛЬ-ИСЛАМИ» – діни-саяси экстремистік ұйым. 1953 жылы Иерусалимде «Мұсылман бауырлар» египеттік қозғалысы филиалы ретінде құрылды.
VI. АСТАНА ҚАЛАСЫ СОТЫНЫҢ 2013 ЖЫЛДЫҢ 26 АҚПАН АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС:
«ТАБЛИҒИ ЖАМААТ» – діни деструктивті ұйым. 1926 жылы Үндістанда мулла Мұхаммед Омардың ұйымдастырылуымен құрылған діни қозғалыс.
VII. АСТАНА ҚАЛАСЫ СОТЫНЫҢ 2014 ЖЫЛДЫҢ 18 ТАМЫЗ АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС:
«АТ-ТАКФИР УАЛЬ-ХИДРЖА» – халықаралық террористік ұйымы- экстремистік топ деп танылып Қазақстанда жұмыс жасауына тыйым салынған. Бұл ұйым 1971 жылдан бастап жұмыс жасайды. Негізін қалаушы Жоғарғы Египеттен шыққан агроном Шукри Мұстафа (1942-1978).
VIII. АСТАНА ҚАЛАСЫ ЕСІЛ АУДАНЫ СОТЫНЫҢ 2015 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚАЗАН АЙЫНДА ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМІНЕ СӘЙКЕС:
«Ислам мемлекеті» (ДАИШ) - террористік ұйым деп танылып Қазақстан Республикасының территориясында жұмыс жасауына тыйым салынған. «Ислам мемлекеті» (ДАИШ) террористік ұйымын Әбу Мұсаб әз-Заркави негізін салған. Ұйымның қазіргі басшысы Әбу-Бәкір әл-Бағдади.