Астана қаласы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы заңды мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 11 Нақты мекен-жайы : Потанина 9
Орталық қызметінің мақсаты: зерттеу, талдау және діни жағдайларды болжау, жергілікті тұрғындар арасында ақпараттық – насихат шараларын жүргізу.
Орталықтың негізгі мақсаты:
- 1. Деструкциялы және псевдодіни ағымдық ықпалға түскен адамдарға көмек көрсету;
- 2. Діни сұрақтар бойынша тұрғындарға, мекемелер мен ұйымдарға (мемлекеттік органдар,оқу орындары,бұқаралық ақпараттық құралдары,т.б) ақпараттық көмек көрсету..
Орталықтың жұмыс істеу формасы мен тәсілі:
- 1. Кездесулер , лекциялар, семинарлар,тренингтар және т.б жүргізу;
- 2. Тұрғындарға кеңес беру;
- 3. Онлайн режимінде сөйлесу, «сенім телефоны», интернет желісін пайдалану, БАҚ;
- 4. Бейнефильмдер, роликтар көрсету;
- 5. Әдістемелік және үлестірме материалдарын дайындау.
Орталық негізгі әрекетінің қамту аймағы:
- 1. Жастар;
- 2. Тұрғындар арасындағы әлеуметтік мұқтаж топтар;
- 3. Мемлекеттік органдар қызметкерлері;
- 4. Діни конфессиялар өкілдері;
- 5. Этномәдени және қоғамдық бірлестіктер өкілдері;
- 6. ЖОО және орта мектептер мұғалімдері.
Мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және діни бірлестіктермен байланыс бөлімі
Жергілікті атқарушы органмен, құқық қорғау органдарымен, діни конфессиялармен, қоғамдық ұйымдармен , және т.б. бірлесе жұмыс атқарады. Ақпараттық – түсіндіру шараларын, лекциялар , семинарлар, тренингтер, дөңгелек стөлдер, конференциялар жүргізу және ұйымдастыру сұрақтарымен айналысады. Діни конфессиялар өкілдері, теолог – дінтанушылар қатарынан тұратын ақпараттық – насихат топтарын құрады.Орталықтың құзырына кіретін сұрақтарға ақпараттық – консультативті шешімдер береді.
Жат діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету бөлімі
Деструктивті, псевдодіни ағымдар әрекеті мен білімі туралы шынайы ақпараттар таралуымен және олардың ықпалынан зардап шеккендерге көмек көрсету сұрақтарымен айналысады. Зардап шеккендер және олардың отбасы мүшелері білікті мамандардан – теолог дінтанушылардан ақыл кеңес ала алады, қажет болса медицина қызметкерлері де көмектеседі.
Астана қаласының дін саласы бойынша зерттеу және мониторинг жүргізу бөлімі.
Қаладағы діни жағдай бойынша сараптама және мониторинг жүргізеді. Діни бірлестіктер әрекетіне діни мониторинг жасайды. Қорытынды жұмыс бойынша мемлекеттік органдарга ұсыныстар жасайды.