«Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ қызметкерлері ағымдағы жылдың ақпан айында өткізілген «Әскер қызметкерлерінің ортасына құрылымды бұзатын идеялардын кіруіне жол бермеу» онкүндігі аясында 11 кездесу ұйымдастырылды. 1000 астам адам қамтылды.
Кездесулер барысында семинарға келген қонақтар әскерилерге дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері мен шығу тарихы туралы және Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы және басқа да нормативтік құқықтық актілері туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, кездесу барысында псевдо діни ағымдардың теріс әрекеттерін ашықтайтын бейне роликтер көрсетілді.