Өзімнің дін ағымына түскенге дейінгі жағдайымды және түскеннен кейінгі қысқаша

Бейсенбі, 05 Желтоқсан 2013 17:56

    Өзімнің дін ағымына түстім, топқа түскенге дейінгі және содан кейінгі жағдайым туралы қысқаша оқиғаны баяндап берейін. Бір күні жұмыстан шығып үй жаққа бағыт талдым, аялдамада тұрып автобусты күттім. Сығылған лимон секілді мен шаршанқы болдым. Есімде, аяламада адам аз болатын.
    Маған түрі жайдарлы, сабырлы, улкен әйел келді, ол 55 шамлары болатын. Әйел автобусты күтіп әңгіме соққысы келіп тұр деп ойладым. Ешқандай күдігім менде болған жоқ. Біз жай өмір, адамдар, мына өмір мәнсіз болып бара жатырған туралы әңгімелестік. Сосын маған жан тыныштығы, гармония туралы айта бастады және маған осылардың жетпейтіндігін айтты. Біздің әңгімеміз 15 минөтке созылды. Маған осындай әйелмен сөйлесу өте қызы болып көрінді. Сосын ол маған «Бақытқа жол» деген кітапшаны көрсетіп және оқуға кеңес берді. Бұл кітап мені қызытырды, содан кейін ол мені «Өмір сүру оңай» семинарына шақырды, қай мекен жай бойынша есімде емес.
    Неге бармасқа, жаңа ақпараттар білемін, мүмкін шынымен де өмір сүру жеңілдейді деп ойладым. Келесі күні жұмыстан кейін көрсетілген мекен жайға қарай беттедім. Тұрғын үйге кірдім. Мені залға бағыттап жіберді. Үлкен зал, көптеген орындықтар, әйелдер көп болды, олардың барлығы мейірімді,ашық болды. Мен аялдамада кездескен әйелмен кезіктім, ол мені көргеніне өте қуанды, сосын мені өзінің басшысымен таныстырды, орта жастағы ер адам, ұзын, ұқыпты жәй адам емес екені көрініп тұр. Осылай мен олардың ортасына ендім, бірінші күндері мені махаббат, жылулық, менде жетіспеген түсінушілік қоршады. Мен ол жерге жұмыстан кейін күнде баратын болдым, біз ән айттық, биледік, кітап оқыдық, бүртүрлі әндер тыңдадық. Бір ай өткеннен кейін өзімнің айналама, туысқандарыма қатынасым өзгергенін байқадым. Туыстарымның өздері де менің ызақор, агрессивті болып кеткенімді байқады, достарымды біртіндеп жоғалта бастадым. Жүйкеңді құртып жұмыс жасағанша бізбен бол, жұмыс керек емес саған дегеннен кейін жұмыстан шығып кеттім. Бізбен бірге тепе-теңдік пен тыныштықта өмір сүресің. Көз алдымда бейне бір қабат шел тұрғандай ақылым тұманданды. Мен өз басыммен ойлауды қойып, олардың ережелеріне ілестім, мен олар тарапынан маған қысым сезіндім. Мен үйден кетіп олармен бір шатыр астында 3 ай тұрдым, олардың тамағымен тамақтанып, сол ұйымның үнпарақтарын көшелерде тараттым. бір нәрсе ұстағандай болды, кете алмадым. Ол жерден алып, қайтадан баруыма қарсы болған әпкеме үлкен рахметімді айтамын. Олар миыңды жуып, адамға кері әсер беретін ақпаратттармен толтырып, бір қалыпты адамнан есуас адамға айналдырады. Адамды мына өмірден ығыстыратыны соншалық, қоғамда өз орныңды жоғалтқандай боласың. Қорқыныштың терең сезімі дамиды, өмірге деген күйзеліс, кейбір даулы кезде қатты ашулану, өзіңнің ойыңды, сөзіңді, іс-қимылыңды басқара алмау, адамдарға сенбеу, күдіктену,себепсіз ішкі күйзеліс басталды. Мен бұл ағымда 5 айдай болдым. Мұқият болыңыздар! Күдік туғызатын адамдардан сақтаныңыздар!

    Сенім телефоны

    Islam.kz

    Акимат Астаны

    Бастан өткен оқиғалар...

    Управление по делам религий города Астаны

    Жаңалықтар мұрағаты

    « Наурыз 2016 »
    Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31      

    1 2 3 4 5 6

    Байланысу

    Дін проблемаларын зерттеу орталығы

    Қазақстан Республикасы, Астана қаласы

    Қабанбай батыр 33 көшесі 

    Қабылдау бөлімі: 55-04-38 факс: 55-73-62

    Мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және діни бірлестіктермен байланыс бөлімі:  55-04-41

    Астана қаласының дін саласы бойынша зерттеу және мониторинг жүргізу бөлімі: 55-04-42

    Жат діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету бөлімі: 55-04-43