Мен деструктивті дін ағымынан зардап шеккен адаммын бірімін. Деструктивті дін ағымына кіргеннен кейін сондай қиын депрессивті күйде болдым. Мен ол ағымда бір жыл көлемінде болдым.
Ағымға кіргеннен кейін мен толықтай достарым және туысқандарыммен байланыс жоғалттым. Уйде қонбадым. Ақырындап өзімнің туысқандарым туралы, өзімнің сабағымды ұмыта бастадым. Дәлірек айтсақ өзімді жоғалттым. Ойымда тек осы орта болды. Бірінші орында оларды және олармен құлшылықты қойдым, сонымен бірге қасиетті кітап та болды. Бұл жерде өзімді ерекше сезінгендіктен оларға тартылып жүрдім, маған ол жердегі адамдар өте мейірімді, таза және бір-бірін жақсы көретіндей болып көрінді. Біз ол жерде би билеп ән айттық, маған өте көңілді болды. Олардың ережелері бойынша жүрдім, мемлекеттік және ерекше мерекелерді тойлатпадық, мемекеттік әнұранды айтудан бас тарттып, басқа мемлекет нышандары мен туына бас идік. Байқағаным, біртін келе маған қиын бола бастады, денсаулығым, әңгімелесу жағынан нашарладым, шіркеуге баруды доғардым. Өз-өзіне қол жұмсау деген ойлар да болды. Барлық проблема өзімде екенімді мойындаймын. Түсінемін және жақсы жағына өзгеруді қалаймын, бірақ қалайша білмеймін. Сондықтан сұрақпен психологтарға бардым.
Өткеніммен, мен қарапайым өмірден шегерілдім, меннен достарым теріс айналды, өз ортамдағы адамдардан басқа ортадада өзімді көре алмадым. Маған екі өмірде өмір сүріп жатқан секілді болып көріндім. Терең селсоқтық сезімі, күйзелісті езілу жағдайы, әлемге деген ызалану, ашуланшақтық, алаңғасарлық, өзінің ойларын бақылау қабілетсіздігі, сөз және істер, күдікшілдік, адамдарға сенімсіздік, себепсіз ішкі беймазалық дамыды. Менде ұйқым бұзылды, тәбеттім төмендеді. Көз қарас пен сөздерге ренжігіш болып кеттім. Қазіргі таңда психологиялық көмек алудамын (психолог кабинетін күн салып барамын). Маған күнде жақсы болып келеді. Өз өмірімді қалпына келтіруге психологтар көмектеседі деген үміттемін. Маған қайтадан қалпыма және қайта әлеуметтік өмірге сіңіп кетуіме әлі бір жылдай керек деп айтады. Мен осы орталыққа және осында жұмыс жасайтын мамандарға рахметімді айтамын. Мен біреу енді көмек қолын береді деп ойламадым.